Субұрқақтар маусымы ашылды

212
Дереккөз

Талдықорған қаласының орталық алаңында  субұрқақтар маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Өткен жылы іске қосылған Жетісу символы іспеттес жеті әуенді субұрқақ шаhарымыздың көрікті келбетін одан әрмен айшықтап, бүгінгі таңда тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды.

Дереккөз

Салтанатты шараға қатысқан Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Мұндай субұрқақтар көңіл-күйді тазартады. Жанды тыныштандырады, денсаулықты жақсартады. Сондықтан әлемдік тәжірибеде  қаланы көріктендіру үшін әрқашан субұрқақ салу әдетке айналған. Бұл нысан тек қала орталығын ғана емес, бүкіл Талдықорғанды көріктендіріп тұр. Әлемнің алпауыт  қалаларында субұрқақ маусымын ашу дәстүрге айналған. Ағымдағы жылдан  бастап бұл дәстүр біздің де қалада жалғасын табатын болады»-деп жыл сайын сәуір айының соңғы жексенбісі субұрқақтар маусымының ашылуы болатындығын атап өтті.

Дереккөз

Мерекелік шарада өңір өнерпаздары, сонымен қатар  талдықорғандықтар қуанышына арнайы келген Райм мен Артур өнер көрсетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK