дереккөз

Бүгін  Өтенай ауылдық мәдениет үйінде Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесіне ұйымдастырылған   дәстүрлі «Балдәурен — 2019» балалар шығармашылық жобасының гала концерті өткізілді. Бұл жоба жас дарындардың өнерін шыңдап, болашағына жол ашу мақсатында қала әкімінің қолдауымен жетінші мәрте  ұйымдастырылып отыр.

Жоба  ұйымдастырушыларының айтуынша,  барлық қатысушы үміткерлер жас ерекшеліктеріне байланысты әр номинация бойынша екі категорияға бөлініп сайысты. Мәселен,  1 категорияға  4-6 жас аралығындағы балдырғандар, ал 2 категорияға 7-10 жас аралығындағы балалар қатысып, өз  өнерлерін ортаға салды.

 

120 үміткер  жобаға қатысуға сұраныс берді. Сол таланттардың қанатын қақтырған, мөлдір бұлақтың көзін аштырған, «Балдәурен-2019» балалар шығармашылық жобасы Жастар жылына арналды.  Жас өнерпаздардың  жанымызға жыр, көңілімізге нұр сыйлағандығын көрермендер шапалағынан байқадық. Жас әншілер әсем әндермен,  бишілер мың бұралған билерімен, сән әлемі —  дефиленің өзіндік бояуымен кіштентай бүлдіршіндеріміз  жобаның көрігін қыздырды.  Жоба жас дарындардың  жолын ашуда өзіндік орны бар өнер мерекесіне айналды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK