Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қаратас Жомарт Мандатұлы орталық қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырды.

Жайық Тазабекұлы 1988 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

2012 жылы Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының есеп және аудит мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Алматы облысының ауыл жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі болып бастаған.

2013 жылы Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығының бас маманы;

2013-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі;

2014 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының «Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру және бақылау бөлімінің» кеңесшісі;

2014 жылы Көксу аудандық мәдениет үйінің директоры;

2014-2015 жылдары «Алматы облысының ауыл жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері;

2015-2018 жылдары Б. Римов атындағы Талдықорған драма театры директорының орынбасары;

2018 жылдың қыркүйек айынан бүгінге дейін І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK