Талдықорғанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаhандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету» атты I халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Дереккөз

Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Л.Тұрлашов «Бұл — өңіріміздің рухани, мәдени өмірінде ешқашан болмаған, тұңғыш, әрі теңдессіз оқиға. Жер жүзі Қазақстан қандай ел екенін, қазақ қандай ұлт екенін осы жоба арқылы кеңінен тани түседі десек артық болмас»-деді.

Дереккөз

Еліміздің мәдениет саласындағы қызметкерлерімен қатар Франция, Армения, Беларусь, Польша мемлекеттерінен арнайы келген мамандар өз ойларымен бөлісуде. Жиын барысында қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті жаhандық әлемге ілгерілетудің интеграцияланған моделін қалыптастыру мәселелері, театр және оның маңыздылығы, заманауи қазақстандық мәдениеттің дамуы – қоғамның белсенді дамуының айқын нышаны, қазақстандық мәдениеттің даму тенденциялары сынды бірқатар  мәселелер қарастырылып, мәдениет және өнер саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер талқылануда. «Қазақстанға Франция елінің мәдениетін таныстыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында келдік. Қазақстандық мәдениетті әлемдік аренада танытуға, оның өз елімізде жақсы көзқарас қалыптастыруына ықпал етеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру — ХХІ ғасырда елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын кешенді жұмыс»-деді Франция елшілігінің кеңесшісі Гийом Касперский.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK