Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Стив Роллстың баспасөз конференциясы өтті. Тікелей эфир YouTube-тағы DAZN USA арнасында жүргізілді, — деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Жиында қазақстандық былғары қолғап шебері жанкүйерлеріне 8 маусым күні жақсы шоу көрсетуге уәде берді.

Сонымен қатар ол Роллспен өтетін жекпе-жекті жіберіп алмауға шақырған.

Сондай-ақ, Стив Роллс те баспасөз конференциясында сөз сөйлеп, 8 маусым күні сыншыларға өзінің кім екенін дәлелдейтінін айтты.

Канадалық боксшы Головкинді құрметтейтінін, бірақ 8 мамыр күні күллі әлемді таңғалдыратынын жеткізді.

Айта кетейік, баспасөз конференциясы кезінде боксшылардың көз арбасу сәті де болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK