2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазпошта коммуналдық қызметтер үшін 844 мың 184 бірыңғай төлем түбіртектерін жеткізді. Өткен жылы Ақтөбеде және Өскеменде ұлттық пошта және қаржы операторы әкімдіктерімен бірлесіп БТҚ жобасын (бірыңғай төлем құжаты) іске қосты. Қостанай, Талдықорған, Түркістан, Кентау, Атырау және Ақтау қалаларында іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қазір таңда коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтердің 70 жеткізушімен ынтымақтастық жүргізілуде.Түбіртектер«PostБЕА» бірыңғай есеп айырысу орталығының жүйесі жасалады, одан кейін абоненттерге басып шығарылған түрде жеткізіледі. Осыған ұқсас ақпараттарды post.kz порталынан электрондық түрде алуға болады. Абоненттер Қазпошта бөлімшелерінде онлайн және екінші деңгейлік банктерде қызметтерге төлем жасайды. Бұған қоса, post.kz арқылы онлайн-төлем кезіндегі комиссия 0 теңге, ал Қазпошта бөлімшелерінде — облыстық филиалдарда белгіленген тарифтерге сәйкес алынады. Мысалы, Ақтөбеде — 150 теңге, зейнеткерлер үшін — 50 теңге, Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшін — тегін.

Коммуналдық кәсіпорындар үшін жоба барлық абоненттер бойынша шығындарды қысқартты: шоттарды жасауға, қағазға, хабарлама-шоттарды басып шығаруға және жеткізуге. Екінші деңгейлік банктермен бірқатар шарттар жасау қажеттілігі жойылды.

«Біздің басты мақсатымыз – қала тұрғындары үшін коммуналдық қызметтерге төлемді барынша ыңғайлы жасау. Жобаны іске асыру әртүрлі компаниялардан түсетін көптеген түбіртектерді және хабарлама-шоттарды қысқартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қала тұрғындары әр коммуналдық қызмет үшін қарызын төлеуге уақытын үнемдейді », — дейді «Қазпошта»АҚ-ның Бизнес жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков.

«Қазпошта» АҚ-ның

Баспасөз қызметі.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK