Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

144
Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттау, қаламгерлердің шығармашылығын өскелең ұрпаққа үлгі ету. Қатысушылар ағымдағы жылы атап өткізілетін мерейтойларға сәйкес поэзия және прозалық шығармаларды мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті.  Атап айтар болсақ, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Дөнентаев  пен Фариза Оңғарсынова сынды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің туындыларынан үзінді оқыды. Нәтижесінде жүлделі I орынға Венера Әбжаппарқызы  ие болып, облыстық сайысқа жолдама алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK