І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, заң ғылымдарының магистрі
Муретті түсірген А.Нұршанов

Жастардың әлеуметтік маңызды жаңашыл идеяларын қолдау мақсатындағы «Стартап Болашақ»: «Менің арманым» реалити-шоу форматындағы байқауға өтінім  қабылдау басталды.

Бұл байқау турасында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциялау кеңсесінің директоры, заң ғылымдарының магистрі Дамир Дигай мен байқаудың өткен маусымына қатысушы, мемлекеттік-құқық пәндер кафедрасының оқытушысы Әлішер Ибраев тарқатып айтып берді.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Болашақ» қауымдастығы «Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ «Өрлеу» «SUCCWESS  K» стратегиялық коммукациялар агенттігінің ұйымдастыруымен «Стартап Болашақ» байқауының  4 маусымы «Менің арманым» реалити-шоу басталады.  Жастардың арасындағы маңызды жаңашыл идеяларды қолдау мақсатын көздейді. Биыл байқауға 16-29 жас аралығындағы жас кәсіпкер қатыса алады. Бұл жерде байқауға жолдама алған жұмыстың бәрі бірдей қаржыландарылмайды. Тек қажеттісі ғана алынады. Жастарды бизнеске тартып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы байқауға өтінім  қабылданады»,- деді Дамир Дигай.

«Менің жобам инватуризм саласына арналған. Мүгедек жандарға қандай жағдайлар жасалып отыр? Аймағымыздың  керемет табиғатын көріп, тамашалап, демалуы  үшін не істеуіміз  керек – деген оймен  осы жобаны қолға алдым. Іске асыру үшін  қоғамдық бірлестіктерге шығып, кәсіпкерлікті қолдау орталығымен жұмыс жасап жатырмын.  Бұл жерде грант  бөлу емес байқау  мақсаты,  аукцион тәрізді іске асады.   Сондықтан да, ойды іске асыру мақсатында  кәсіпкерлермен танысып, семинар-тренингке , шеберлік  кластарға қатысуға мүмкіндік алдым»,-дейді Әлішер Ибраев.

Мұның алдындағы байқауда қатысушылардың жасы 35-ке дейін болған еді. Биыл  идея мен жобасы бар  16-29 жасқа дейінгі жас буын өкілдері қатысу мүмкіндігін алып отыр.Елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне алдыңғы қатарлы технология және білімді енгізуді жетілдіруге жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар стартап –жобасын ұсынып, қорғайды. Осылайша,  өңірлік іріктеу кезеңінде аймақтағы жас кәсіпкерлікті табу мақсаты тұр. Ал республикалық кезеңге өңірлер бойынша үздік жобалар қатысып, коучерлер, тренингтен өтіп, еліміздің жетекші кәсіпкерлерінің қолдауына ие болады. Ал ақтық сында «Менің арманым»  реалити –шоу түрінде өтеді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK