Алатаудың ақиығы

222
Фото авторы А.Нұршанов

Биыл халық ақыны, композитор, ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл. Аталмыш  мерейтойға орай І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өмірі мен шығармашылығын  қамтыған «Алатаудың ақиығы» атты деректі фильм көрсетілді.

Фото авторы А.Нұршанов

Шараға ұрпақтары  Бақытжан Кененұлы мен Төрткен Кененқызы арнайы қатысты. Бақытжан Кененұлы «2009 жылы күміс көмей әнші, ұлы композитор К.Әзірбаевтың 125 жылдығы республика көлемінде аталып өтті. Сол сәтте деректі фильм шығару туралы ой туындаған болатын. Бұл фильмнің ерекшелігі «Қазақфильм», радио, телеарналар архивінде сақталған, ұрпақтарында бар құнды естеліктер қамтылған. 1 сағат 10 минуттық фильмде өмірінің әр кезеңіндегі сәттер көрсетіледі»-деп алдағы уақытта «Туған өлкем Жетісу» бағдарламасы аясында Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында кездесу өтетіндігін атап өтті. Ұлт мәдениетіне мол үлесін қосқан тұлғаға арналған жиынды Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK