Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты

671
ғаламтор

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында, уәкілетті мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сонымен қатар жастар қауымымен белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Мысалы, 2017 жылғы 29 қарашада сағат 11-де облыс бойынша барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде, профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттердің және мектептердің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары (9-11 сынып) қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты» өткізілді.

Аталған біріңғай сабақ еліміздегі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы және осы бағыттағы өзекті мәселелер тақырыбына арналды.

«Баланы жастан», демекші, мектеп табалдырығынан бастап, сыбайлас жемқорлық іспетті дертке қарсы тұра білетін жас буын тәрбиелеу арқылы жарқын әрі таза болашағымызды құруға қадам басамыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK