9-маусымда өтетін Қазақстан республикасының Президент сайлауы ауызбірлігіміздің басты көрсеткіші болады. Сондықтан, жауапты науқанды талапқа сай өткізу үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз керек. Бүгін әкімдікте өткен жиында Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов осылай деді.

Жиынға қалалық сайлау комиссиясының төрағасы, әкімдіктің бөлім басшылары, учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен төрайымдары қатысты.

Қала әкімі сайлау учаскелерінің дайындықтарын пысықтап, кемшілігі бар орындармен тез арада жұмыстар жүргізілу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің сайлау туралы заңының кейбір нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, орыбасарлары мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

«Талдықорған қаласы бойынша алдағы науқанда 57 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның алатауы жаңа учаскелер. Ондағы жұмысты 543 адамнан құралған комиссия мүшелері қадағалайды. Бұрынғы сайлауаларда қала бойынша 80-90 мың дауыс беруші болса, биыл 129 519 сайлаушы дауыс береді деп күтіліп отыр» дейді Талдықорған қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғазы Қошанбеков.

Бүгінде барлық сайлау учаскелеріне ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің күнтізбелік жоспары мен дауыс беруге арналған пунктті жарақтандыру жөнінде нұсқаулық берілген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK