Күллі футбол сүйер жұртшылық көз тігіп отырған Чемпиондар лигасының жартылай финалында доп тебетін еуропалық клубтар белгілі болды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Көптеген болжамшылар аталмыш доданың жартылай финалында «Ювентус» пен «Манчестер Сити» клубтары кездеседі деп санаған. Алайда, туриндік клуб «Аякс» командасынан ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Енді «Тоттенхэм» мен «Аякс» финал үшін тартысқа түсетін болды.

Ал, екінші жолдаманы «Барселона» мен «Ливерпуль» клубтары өзара сарапқа салмақ.

Бірінші ойын 30 сәуір мен 1 мамырда, қарымта кездесу 7-8 мамырда өтеді.

Финал 1 маусымға жоспарланған. Еуропалық үздік клубты анықтайтын ақтық мәре Мадрид қаласындағы «Ванда Метрополитано» стадионында болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK