Олар бізден көмек пен қамқорлық күтеді…

140
Дереккөз

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қапшағай қаласының «№4 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – денсаулығында үлкен проблемалары бар балаларға көмек көрсету және қолдау көрсету орталығы.

Дереккөз

Қапшағай қаласында есепте ерекше білім беру қажеттілігі бар 149 бала тұр, олардың 93-і қалалық түзету орталығында жеке-дамыту бағдарламалары бойынша білім алуда.
Бүгінде мұнда балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, кешенді емдеу, түзету және әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдай жасалған. «Біздің мақсатымыз балалардың дамуындағы ауытқушылықтар мен артта қалушылықтардың алдын алу, ауыр формалардың алдын алу және бала мүгедектігінің деңгейін төмендету болып табылады, — дейді психологиялық-педагогикалық түзету мекемесінің басшысы Галина Құнанбайқызы Күзетова. – Біз ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау мәселелері бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеміз. Дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, психолог, ерте даму араласу маманы, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, музыка ырғағы бойынша педагог, емдік денешынықтыру маманы, дәрігер-невропатолог, медициналық бике, массажист-сонша мамандар біздің балалармен жұмыс істейді. Бұл балалар бізден көмек пен қамқорлық күтеді…».

Галина Күзетова — Талдықорған педагогикалық институтының түлегі. Бүгінгі күні оның 32 жылдық педагогикалық өтілі бар, ал ол өзінің еңбек қызметін ұзартылған күн тобының тәрбиешісі лауазымында бастаған, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген, ал Капшағайда 2004 жылы түзету кабинеті ашылғанда, ол қалалық білім бөлімінің ұсынысы бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмысты басқаруға келісім берген.  Келіскенімен қайта маманданудан өтуге тура келді. Сөйтіп ол қосымша дефектолог мамандығын алады. Оған ғимаратты жөндеу мен жабдықтауға қаншама еңбектенді. Қазіргі таңда балалардың толық ем алуы үшін барлық жағынан жабдықталған. Тек барлық балаларды оқытумен қамту үшін кадрлар жетіспейді.

Дереккөз

Ашық есік күні түзету орталығына 120-дан астам адам келді. Олардың арасында Қапшағай қаласы әкімдігінің өкілдері, Алматы облысының әртүрлі аудандары мен Қапшағай қаласының түзеу кабинеттерінің басшылары мен мамандары болды. Түзету орталығының бұрынғы түлегі, қазіргі таңда көп салалы Қапшағай колледжінің студенті Абдрахманова Амина қатысушыларды өзінің «Мечта» биімен қуантты.  Сонымен бірге, «Қамқор жүрек» мүгедектер қоғамдық ұйымының басшысы Ләззат Салықова кез-келген адамның бақыт пен махаббат құқығына ие екендігін айтып, өзінің авторлық әнін сыйға тартты. Құттықтау сөздерден кейін орталық бойынша экскурсия жүргізілді, содан кейін әдіскер Нұрмағамбетова Райхан Кудагельдиновна, логопедтер Авдеева Любовь Ивановна, Мадьярова Нұржамал Ахметқалиқызы, Нұғманова Гүлназ Бақытқанқызы, Орал Мадина Нұрланқызы, психолог Қадырбекова Ажаркүл Сейтнурқызы, музыкалық шашуын тартса, ал, педагог Рудковская Елена Викторовна, тәрбиеші Исмухамбетова Жәмиля Садыққызы және тағы басқалары ашық оқу және дамыту сабақтарын өткізді. Бұдан кейін, қуыршақ спектаклі көрсетілді. Балалардың жүздерінде қуаныш,ал, аналардың көздеріне бақыттың көз жасы үйірілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK