Сауатты кәсіпкер сауатсыз жарнамаға жол бермейді

416
Дереккөз

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы сауатсыздықтың алдын алу мақсатында Алматы облысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында болып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алғалы отырған болашақ кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Дереккөз

Бөлім басшысы Ермек Ақшабаев кәсіп иелерінің болашақ істеріне сәттілік тілей отырып, көшедегі көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнама сауаттылығы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Кәсіптен нәсібін іздеп, өз ісін қалай дөңгелетемін деген кәсіп иелері тіл мәселесіне де жауапкершілікпен қарап, асқан сауаттылық танытуы қажет. Өйткені, заңды білетін, тілін құрметтейтін кез келген сауатты нысан басшысы ешқашан сауатсыз жарнамаға жол бермейді.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Иебекова

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK