«Тіл-парасат» қалалық байқауы өтті

347
Дереккөз

Талдықорған қаласының мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «Тіл-парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің қалалық байқауы өтті.

Дереккөз

Шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілін жетік  меңгерген өзге ұлт өкілдерін ынталандыру. 17-22 жас аралығындағы жастар ұсынылған тақырып бойынша тұсаукесер жасау, эссе жазу, «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы сынды кезеңдер бойынша  бақтарын сынады. Нәтижесінде 10 үміткердің қатарынан жүлделі I орынды Аслан-оглы Эмина иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Сандуғаш Рысбаева «Жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір, тілі басқа болғанмен, тілегі бір» демекші Қазақстанда тұратын әр азамат қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс деп ойлаймын. Аталмыш байқау осының айқын дәлелі десе де болады. Қатысушылардың білім мен өнерлерін саралау барысында  олардың тақырыптың мазмұнын толықтай  ашуы, сөздерді дұрыс айтуы мен жазуы сынды талаптарға баса мән беріледі. Жеңімпазға артылар жауапкершілік жүгі мол. Себебі, облыстық сайыста қаламыздың намысын қорғайды»-деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK