Балалар шығармашылығы Өтенай ауылы
дереккөз

Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесі үшін өтетін дәстүрлі «Балдәурен — 2019» балалар шығармашылық жобасы Өтенай ауылдық мәденеиет үйінде өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  «Балдәурен»  балалар  шығармашылығы  жобасы  жас  таланттардың  өнерін  шыңдап, болашағына  жол  ашуға бағытталған. Бұл байқау  қала әкімінің  қолдауымен  жетінші   мәрте   ұйымдастырылды.

Жоба ережесі бойынша барлық  үміткерлер жас ерекшеліктеріне байланысты әр номинация бойынша екі категорияға бөлінді.   4-6 жас аралығында балалар,   7-10 жас аралығындағы жеткіншектер болып сайысқа түсті Өткен апта соңында екі күн бойына «Дефиле» номинациясы бойынша үміткерлер   өнер  көрсетті.

 Үміткерлер берілген тапсырмаға сәйкес, дефиле, яғни ұлттық киіммен шығып , таныстыру жасады.  Содан соң мерекелік стильде сахнаға шықты.

 

дереккөз

Биыл 4-6 жас аралығында 15 үміткер, ал 7-10 жаста 7 үміткер өз бақтарын сынады.  Сайыстың аты сайыс, сондықтан да үздіктер анықталды.

 4-6 жас аралығында, І орынды  №5 балабақшаның тәрбиеленушісі  Аяна Жасұлан,

ІІ орынды №11 балабақшадан  Еңлік  Балтабай,  ІІІ орынды №12 балабақшадан  Көркем  Құсайын  иеленді. Сондай-ақ, Алиназ Тоқтаболат пен Әміржан Құдайбергеновке  ынталандыру сыйлығы табысталды.

 Ал 7-10 жас аралығында үміткерлер арасында  бірінші орынға №28 IT мектептің оқушысы Амина Ли лайық деп танылды. №14 орта мектептің оқушысы Ақерке Тойбек- екінші,  Оқушылар сарайының атынан қатысушы Шолпан Тұрсын мен №2 ОМ оқушысы Інжумаржан Әнуарбекқызы үшінші орынға ие болды.

Барлық үміткерлер белсенді  қатысқандары үшін дипломмен марапатталды.   Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі,қалалық мәслихаттың депутаты, мәдениет үйінің директоры  Бақытай Түстікбаев және басқа әділқазылар мүшелері қатысушыларға жүлделерді табыстады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK