Ғашықтар күніне тарту

267
Махаббат орындығы

15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні. Осыған орай Талдықорғанда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен «Менің отбасым» кіші архитектуралық формасы орнатылды.

Махаббат орындығында  шаңырақ, ата-ана, жүрек, Жетісу және Эйфель мұнаралары бейнеленген. Негізгі мән-мағынасы ата-ана отбасының  діңгегі, бастапқы дәнекері. Біздің мақсатымыз «Отбасы деген шағын мемлекеттегі ата-ананың рөлін, қадір-қасиетін насихаттау. «Әулие Валентин» күнін кең дәрежеде атап өтіп жүрген жастарға, өзіміздің, яғни осы күннің тарихы жөнінде мейлінше  мағлұмат беру. Қаншама қиыншылықты көрсе де кіршіксіз сезімдеріне  адал бола алған  ғашықтардың махаббат құндылығын жас ұрпаққа жеткізу»-дейді ұйымдастырушылар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK