Мәдениет саласында атқарылған жұмыстар сараланды

54
Дереккөз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениет саласындағы 2017-2018 жылдары атқарылған шараларға байланысты дөңгелек үстел өтті.

Дереккөз

Дөңгелек үстелге аудандық, қалалық кітапханалар, мәдениет үйлері мен мемлекеттік архивтердің, музей  және облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиында облыстық халық шығармашылығы орталығы, С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі мен облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық жетекшілері аталмыш уақыт аралығында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.  Айта кетейік, облыс көлемінде бағдарлама аясында 2017 жылы 26, 2018 жылы 28 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 11-і ұзақ мерзімді, ауқымы кең шаралар.

Дереккөз

Шара соңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орай Алматы облысының мәдениет саласына, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуына үлес қосқаны үшін және еліміздің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын насихаттау жұмысындағы белсенділігі үшін бірқатар азаматтар Алғыс хатпен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK