Күндердің бірінде Қожанасырдың бір шапаны  әбден ескіріп тесіліп қалыпты. Қожекеңмен әңгімелесіп отырған бір адам шапанның жыртығын көріп, оған сұқ саусағын тығып айналдыра беріпті. Жыртық үлкейе түсіпті. Өзінің не істеп отырғанын аңғармаған әлгі адам бірде:  – Қожеке, осы адам баласының ақылының азайғаны қай уақытта білінеді?, – деп сұрапты. Сонда Қожанасыр:  – Жанындағы  адамның шапанын сұқ саусағымен тескен кезде білінеді, – деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK