Қалалық
дереккөз

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен №13 орта мектептің мәжіліс залында  партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Мектептегі инклюзивті білім беру мәселесі» тақырыбында шара өткізілді.

Шараны партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жазықбаев  жүргізді. Облыстық, қалалық мекемелер өкілдерінің қатысуымен өткен шарада  инклюзивті білім беру, мүгедектік санатын анықтап, жәрдемақы тағайындау және де  осы салада қордаланған мәселелерді  шешу жолдары айтылды.

Шара барысында  ұсыныс–ескертпелер көп болды. Атап айтсақ, үйден оқитын балалардың мекенжайы мектептен қашық орналасқандықтан, ұстаздар   қоғамдық көліктердің бірнеше бағыттармен  баратын болғандықтан жол шығындары көп кететіндігін  жасырмады. Сондықтан да, қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік қарастыруын сұрады.

 Сонымен қатар, үйде оқытылатын балалардың, тегін санаторлық- курорттық емделуге барғанда, оқу процесіне кедергі жасамас үшін, әлеуметтік орган өкілдерінің білім  беру мамандарымен бірлесе мәселені шешу керектігіне назар аудартты.  Емделудің  балаларды оқытумен, сабақ процесімен үйлеспеуі сынды өзекті мәселелерді  білім, әлеуметтік сала мамандары  өз бақылауларына алынатын болды. Бұл жерде ата-аналармен тығыз жұмыс істеу қажеттігін атап өтілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK