«Рухани жаңғыру» аясында жаңа жобалар қолға алынуда

66
Фото авторы А.Нұршанов

12 сәуір «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарық көргеніне екі жыл болады. Осыған орай аталмыш уақыт аралығында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға байланысты селекторлық отырыс өтті.

Алматы облысында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жүргізілуде. Облыста аталмыш  бағдарламаны тиісті деңгейде жүргізу бойынша  2017 жылы жалпы сомасы 28 млрд теңгені құрайтын 319 жоба мен іс-шара іске асырылып, 1 миллионға жуық адам қатысты. 2018 жылы жалпы сомасы 9 млрд теңгеден астам қаражатты құрайтын 323 жоба ұйымдастырылып,  9285 шараға 1 млн. 300 мыңнан астам адам  қамтылды. Аймағымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес  2019 жылдың I тоқсанында облыс бойынша 20 мыңнан астам адамның қатысуымен 19 жоба мен 253 шара өтті.  Сәуір айынан бастап Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен «Жаңа әліпбиді жазып үйренейік» онлайн сабақ жобасы бастау алып, 20 минуттық онлайн сабаққа жүзден аса тыңдаушы қатысқаны белгілі болды. 2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі ашылып, бүгінгі күні штат саны 20 адамды құрайды. Онда  жобалық менеджментті меңгерген және  медиамаркетинг мамандары,  жастар ҮЕҰ көшбасшылары  қызмет атқаруда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде құрылған облыстық сараптамалық кеңес құрамында бүгінгі күні 22 мүше бар. Басшылықтың айтуынша ағымдағы жылы сараптамалық кеңес жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында зиялы қауым өкілдерін, ҮЕҰ жетекшілерін, жастар өкілдерін кеңес құрамына тарту арқылы қайта өзгертулер енгізу қажеттігі туындауда.  Жыл басынан бері сараптамалық кеңестің екі отырысы өткізіліп, кеңес мүшелері ұсынылған жобаларды іріктеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, облысымызға қарасты аудан, қалалардан 155 жоба ұсынылып, оның ішінде 98 жоба іріктелді. Сонымен қатар кеңес отырысында Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына арналған облыстық іс-шаралар жоспары да талқыланған. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев «Бүгінгі күні барлығы 192 жоба мен 393 іс-шара жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстық басқармалар мен жобалық кеңсе  тарапынан 2019 жылы жүзеге асырылуы тиіс жобалар ішінде ең ірі көлемдегілері бар. Олар «Жетісу – Жібек жолының бастауы», «Жаhандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету» I халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Тамыры терең әліпби» антологиялық жинағын шығару, «Орбұлақ» шайқасының тарихи қойылымы жобасы, «Көшпенділер» тарихи қолөнер фестивалі, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасына жататын облыс нысандарына экспедиция, «Жетісу інжу-маржаны» атты Жетісу әндері мен күйлерінің антологиясы жинағын шығару. Жалпы, бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары сапалы түрде жүргізілуде. Атқарылған шаралар туралы ақпарат тұрақты түрде БАҚ беттерінде орналастырылды. Аптасына екі рет ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданып отырады. Жалпы жыл басынан І.Жансүгіров атындағы Жетісу  мемлекеттік университетінің тарапынан 37 ғылыми мақала шығарылды. 2019 жылы әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарда 2168 ақпарат жарияланып, газеттерде 523 тематикалық мақала жарық көрді. Бүгінгі күні бағдарламаны тиісті деңгейде жүзеге асыру жұмысына кедергі келтіретін қиындықтар да жоқ емес. Аудан,қалалармен ақпарат алмасу жұмыстары  қарқынды емес»-деп атап өтті. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев алдағы уақытта да жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуі тиіс, санға емес, сапаға көп көңіл бөлу  қажет екенін айтып,  бірқатар ескертулер жасады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK