Талдықорғанда білім саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген талдау нәтижелерінің қорытындылары талқыланды. Қоғамдық ұйымдар мен білім басқармасының және мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының жетекші мамандары қатысқан бұл жиын «Жетісу — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде өтті.

Жиналған қауым алдында сөз алған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев аймақтағы білім саласының кейбір мемлекеттік қызметтерінің мемлекеттік корпорацияның «ИИС ЦОН» және «Е-Акимат» ақпараттық жүйелері стандартқа сәйкес еместігін жеткізді.

Нақтырақ айтқанда, жүргізілген талдау қорытындысына сәйкес, білім саласының жаңа редакциямен шығарылған стандарттарының функциялары «Электрондық үкімет веб порталында» жоқтығы және кейбір стандарттар қызмет беруші мен қызмет алушыға әкімшілік кедергілер тудыратыны анықталды. Міне, бұл халықты құр сарсаңға салып, сыбайлас  жемқорлыққа жол ашатын негізгі кедергілердің бірі, –деп  атап көрсетті департамент басшысы.

 

Жиын  барысында аталған мәселелер жан-жақты талқыланып,  облыстық білім басқармасының басшысы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  аймақтық филиалына анықталған әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-үрдістерді оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK