Сайлау: ел келешегі мен ұрпақ болашағы

446

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше  Қазақстан халқына аса маңызды үндеу жолдады. Үндеуде ел Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетіндігі туралы айтылды. Елбасымен, қос палата спикерлерімен және партия жетекшілерімен келісіп өткізілгелі отырған сайлау еліміздің   ішкі және сыртқы саясаттағы тұрақтылығын сақтауына және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға оң ықпал етеді деген ойдамыз.

Қазақстанның  демократиялық мемлекет ретінде өз таңдауын еркін әрі ашық жариялауына мүмкіндігі мол. Болашаққа жоспарланған міндеттер мемлекет басшысының халыққа деген сенімімен сабақтасып, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етеді деген үмітіміз зор. Алдағы Президент сайлауы елдің әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерін лайықты жүзеге асыруға айқын бағыт-бағдар берері анық. Қандай қиын-қыстау кезеңдерде де халықтың ауыз бірлігі мен мызғымас ынтымағы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға» жұмылып келе жатқандығы осыған айқын дәлел. Сайлауға көпшілік барынша жауапкершілікпен атсалысады деген пікірдеміз. Әр азаматтың шешімі ол мемлекетіміздің келешегі, ұрпағымыздың болашағы  екендігін ұмытпаған абзал.

 

                                                                                                 Жамал НҰРЛЫБАЕВА,

                                          К. Ушинский атындағы №7 орта мектептің директоры, 

                                            Талдықорған   қалалық  маслихатының  депутаттық 

                                             фракция жетекшісінің орынбасары.  

 

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK