Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауда Қазақстан президенті лауазымына үміткерді ұсыну мерзімін белгіледі. Үміткерлердің арыздары 2019 жылдың 28-ші сәуіріне дейін қабылданады, — деп хабарлайды kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Кампания кезеңдерінің ұзақтығын анықтауға Конституцияның «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» заңның 66 бабының бірінші тармағы негіз болды.

ҚР президентін кезектен тыс сайлау кезінде сайлау шараларын өткізу мерзімін орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Осы жоспар бойынша президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, яғни 2019 жылдың 10 сәуірінен, 2019 жылдың 28 сәуірінде сағат 18:00 аяқталады.

Осылайша, үміткерлерге мемлекет басшысы лауазымына ұсынылу үшін 19 күн беріледі.

Еске сала кетейік, 9 сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап,  кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеген еді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK