Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялайды, — деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

«Бүгін, 9 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды», — делінген президенттің ресми сайтында.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқан соң Қазақстанның екінші президенті болды. Қазақстан Конституциясына сәйкес бұрын сенат спикері болған Тоқаев президенттік өкілеттікке ие болған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK