Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар орталығында «Жетісудың жеті батыры» атты жобаның тұсауы кесілді. Спикерлер: жоба авторы — «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің меншікті тілшісі Сандуғаш Дүйсенова және жоба үйлестірушісі Мәрлен Бурашев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты – ерлік жасаған, бірақ онысы еленбей қалған кейіпкерлердітауып, оларға қолдау көрсету.

«Өткен жылы Мойнақ ауылының Батан деген бақташы жігітісуға батып бара жатқан адамды құтқарды. Бірақ сол кезде оның жасаған ерлігі ескерілмеді. Бұл туралы кім біледі? Ия, мен және бірнеше ауыл тұрғындары ғана. Бірақ біздің облыста мұндай адамдар көп. Мен осы ойымды Ішкі саясат басқармасына жеткіздім, олар маған қолдау көрсетті» дейді Сандуғаш Дүйсенова.

«Жобаны жүзеге асыру барысында біз осындай кейіпкерлерді табамыз, олардың әңгімелерін оқып, көршілер мен куәгерлердің пікірін тыңдаймыз. Жұмыстың нәтижесі – олардың жасаған ерлігі мен белсенді азаматтығы туралы мини-фильмдерді шығарамыз. Осының бәрі әлеуметтік желілерде кеңінен таратылып,  жеті номинацияның біреуіне лайықты  адамғадауыс берілетін болады » дейді Марлен Бурашев.

Номинациялар келесідей болады: «Ер Жүрек» — әскери қызметкерлер, төтенше жағдай қызметкерлері, 18-45 жас; «Ерлігі үшін» — полиция қызметкерлері, 20-45 жас; «Жүректен жүрекке» — еріктілер, 14-45 жас; «Қараһарман қыз» — қыздар мен әйелдер, 16-50 жас; «Кейіпкер» — жасөспірімдер,  12 жастан 19 жасқа дейін, «Халық батыры» — ерлер, 20-45 жас; «Жанған жұлдыз» — қайтыс болған, бірақ тірісінде қоғам үшін ерлік әрекет немесе жақсы істер жасаған азаматтар.

«Осы жобаны іске асыру арқылы біз қоғамдағы оң үрдістерді анықтау, адамдарға нақты баға беру, олардың ерлік жасаған әрекеттерін анықтау міндетін қойдық. Соңғы жылдары ерлік көрсеткен адамдарға лайықты баға беруді ұмытқанымызрас. Бізбатырларды уақытында  елге танытып,  алғыс айтуымыз керек.  Сонда олар өсіп келе жатқан астарға жақсы үлгі бола алады» дейді Сандуғаш Елубайқызы.

Спикерлер атап өткендей, мамыр айында  өтетін гала-концерт бұл жобаны қорытындылайды. Мұнда ақшалай сыйлықтар, дипломдар мен кәдесыйлар беріледі. Жоба алдағы жылдары жалғасын табады.

Аударған: Айгүл Смағұлова.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK