Қылмыстық жазасын өтеп келгендер жұмысқа орналасты

249
жұмыспен қамту орталығы
дереккөз

Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру  жұмыстары  жүргізіліп келеді.

Өткен жылы  Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашовтың төрағалығымен өткен  жиында  қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік көмекті ұйымдастыру жөніндегі Консультативтік кеңесші органдардың  міндеттері айқындалды.

 Хаттаманың  8 тармағында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тұрған тұлғалардың әрқайсысын тіркелген жерлері бойынша бақылауға алу жұмыстары күшейтіліп, әлеуметтік – құқықтық көмек пен жұмыспен қамту  шаралары жөнінде көрсетілді.

2018 жылы Пробация қызметінің есебінде тұрған 51 адам   жұмыспен қамту орталығына  жүгінді. Оның  35-і  тұрақты жұмысқа  орналасты, 7 адам қайта даярлау курсына оқуға жолдама алды.  3 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.  Ал 6 адам орталық ұсынған жұмыстан  бас тартты.

 Бас бостандығынан айырылып, жазасын толық өтеп келген  5  адам жүгініп, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы «Еңбек»  бағыты  бойынша 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Тағы екеуі   «Газбен дәнекерлеуші» және  «Электрик» мамандықтары бойынша қайта  даярлау курстарына  жолдама  алды.  Бір адам  қайтыс болды.

ЛА-155/16 мекемесінде бас  бостандығынан айырылып, жазасын өтеп отырған азаматтар арасында   қалалық  халықты жұмыспен қамту орталығы  мамандары   жұмысқа орналасу бойынша  түсіндіру-насихаттау бағытында   кездесу өткізіліп, кеңес берілді.

Қылмыстық  жазаны   өтеген адамдарға  әлеуметтік және  өзге де  көмектерді  ұйымдастыру   жөнінде Талдықорған  қаласы  әкімдігі  жанындағы  консультативтік — кеңесші  органы отырысының  №1 хаттамасындағы сұрақтары   бойынша, сотталғандардың  еңбегін, оның  ішінде   бас  бостандығынан айыру  орындарынан  босатылған  адамдарды  еңбекпен  қамтамасыз ету мақсатында  коммуналдық  қызметтер мен кәсіпорындардың  қажеттіліктер үшін  жұмыс   орындарын  құру туралы талқыланды.

 Қылмыстық  атқару   жүйесі  департаментіне қарасты    түзету   мекемелеріндегі   жазасын  өтеп  жатқан сотталғандардың   жұмыспен  қамтамасыз  етілуі  туралы    сотталғандарға кешкі  мектепте  және  кәсіптік  білім алу  бойынша   жұмыстар жүргізілуде. Пробация   қызметінде есепте  тұрған  немесе  бас  бостандығынан айыру  орындарынан босатылған адамдардың    әлеуметтік  — құқықтық көмектер туралы  сұрақтар   көтеріліп, талқыланды. «Жұмыспен қамту орталығы»  және  пробация қызметкерлері бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін  өткізіп, пробация қызметінде  есепте  тұрған  азаматтарға мемлекеттік бағдарлама  турасында  кітапшалар таратылып,  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп, кеңес берілді.

Талдықорған  қаласы  әкімдігінің  2016  жылғы 5 қазандағы  №43-688  қаулысына  сәйкес,  қала  бойынша пробация  есебінде  тұрғандар, ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа  орналастыру  үшін  жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде  жұмыс орындарына  квоталар  белгіленді.

 2018 жылы  пробация  қызметі  есебінде  тұрған  20 адамның  тізімі  алынып,  азаматтардың хал-ахуалы, тұрмыстық жағдайы  актіленіп, жылына бір рет берілетін әлеуметтік  көмек көрсетілді. «2013 жылғы 21 мамырдағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №504   қаулысы»  негізінде аудандарда мәслихат  шешімімен  бекітілген қағиданың әлеуметтік  көмек  алушылар санатындағы: бас бостандығынан  айыру  орындарынан босатылған адамдарға және пробация  қызметінің  есебінде  тұрған  азаматтарға әр аудан  бойынша 15 айлық  есеп көрсеткіші (2 405 мың теңге) белгіленген  мөлшерде   әлеуметтік  көмек  әр адамға  36 мың  075  теңгеден тағайындалып, барлығы  721500 мың теңгені  құрады.

Сонымен  қатар, жазасын  өтеп келген  азаматтардың  ішінен  2 адам «Талдықорған қаласының  аймақтық  жұмыспен  қамту  қоры» қоғамдық бірлестігі  арқылы 1,0 млн.теңгеден (барлығы 2 млн.теңге) грант алып өз істерін ашты. Дөңгелек  жөндеу шеберханасы  және ұста цехын ашып, 3 адамға қосымша  жұмыс табылды.

2019 жылы Пробация қызметінің есебінде тұрған 49 адам жұмыспен қамту орталығына  жүгінді, оның ішінен  30-ы   тұрақты жұмысқа  орналасты. Ал  19- ы қайта даярлау (дәнекерлеуші, батарея жинағы маманы, темір ұстасы, аспаз, электрик)  курстарына оқуға жолдамамен жіберілді.

Ағымдағы  жылдың  12 ақпанында ЛА-155/16 мекемесінде, бас  бостандығынан айырылып, жазасын өтеп отырған азаматтар арасында  «Алматы облысы Талдықорған  қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары  «Нәтижелі жүмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша түсіндіру-насихаттау іс-шаралары негізінде  кездесу өткізді.

27 ақпанда Жастар саясаты мекемесінде  пробация қызметкерлерімен бірлесіп,   есепте  тұрған  азаматтарға бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.  Түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп, кеңес берілді.

 5 наурызда ЛА-155/16 мекемесінде «Алматы облысы Талдықорған  қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ қатысуымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша  «Қақпа алдында кездесу»  атты шарасы  өткізілді.

Сондай-ақ, есепте  тұрған  азаматтардың  арасында    түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліп, кеңес берілді.

      

                                                         Г. Есжанова,

қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK