Абылай Әдемі Талдықорған аруы атанды

345
Фото авторы А.Нұршанов

Бүгін дәстүрлі түрде өтетін «Талдықорған аруы-2019» байқауы өтті. Сұлулық сайысы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының дирекциясымен келісіліп, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен  өткізілетін ресми жоба.

Фото авторы А.Нұршанов

Биыл 10-шы мәрте  ұйымдастырылған сайыста іріктеу кезеңінен  сүрінбей өткен  20 бойжеткен  бақ сынады. Олар «Таныстыру», «Әсемдік әлемі», «Сұлулық әлемі», «Сұрақ-жауап» сынды кезеңдер бойынша сынға түсті.

Фото авторы А.Нұршанов

Алғашқы кезеңде әр ару өзін таныстырса, екінші кезеңде сахнада жүру, өзін-өзі  ұстау шеберлігі сыналды. Ал, үшінші кезеңде қыздардың көйлек таңдау талғамы ескеріліп, соңғы кезеңде сұлулықтарымен қатар білім деңгейлерін дәлелдеді.

Фото авторы А.Нұршанов

Әділқазы алқасының шешімімен  «ІІІ вице Мисс Талдықорған» Мадина Тұрдаш,  «ІІ Вице Мисс Талдықорған»  Алина Койшибаева, «І Вице Мисс Талдықорған» Аида Калибаева атанды. Ал, «Талдықорған аруы-2019» атағына 15 жасар Әдемі Абылай лайық деп танылды. Алдағы уақытта жеңімпаз ару   «Қазақстан аруы-2019» байқауында қаламыздың намысын қорғайтын болады.

Дереккөз

Айта кетейік, аталмыш байқаудың ұйымдастырушылары «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының жаңа форматы туризм саласын дамытуға әсерін тигізеді дейді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  жеңімпаз атанған арулар өз өңірінің көрікті орындарын баяндап, танымдық-жарнамалық бейнероликтер түсірілмек. Осылайша елімізге келер туристер санын арттыру көзделуде.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK