қалалық жұмыспен қату орталығы
Суретті түсірген А.Нұршанов

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылары мемлекеттік көмекті алатын болды. 2019 жылдың 27 ақпанында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVII съезінде Елбасының берген тапсырмасында  атаулы әлеуметтік  көмекті тағайындау барысында жаңа механизм енгізу қажет екендігі атап көрсеткен еді. Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап  атаулы әлеуметтік көмекті алуға құжаттар қабылдана бастады. Қазіргі таңда «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ ғимаратына ағылған жұртшылық. Олардың барлығы отбасылық кірістерін есептетіп, осы мемлекеттік көмекті алуға ниетті. Осы мәселеге орай туындаған сауалдарға орталықтың директоры Гүлмира Есжанова жауап берген еді.

—  Көмекті кімдер алады? Қандай құжаттар қажет?

— Көпбалалы отбасылары, табыс көзі  белгіленген шектен аспайтын аз қамтылған отбасылардан сәуірдің 1-інен бастап құжаттар қабылдау басталды. Ғимаратымыздың бірінші қабатында мамандарымыз таңнан — кешке дейін құжат қабылдау жұмысымен айналысуда. Бұдан бөлек, Еркін және Өтенай ауылдарының  тұрғындарына орталық мамандары қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына келіп жолығуларына болады.

Тілек білдіруші тұрғындар жеке бас куәлігі мен  өтініш формасын толтырады. Басқа құжат сұралмайды, себебі, барлық дереккөздері «е-Халық» ақпараттық жүйеге тіркеледі.  Алдыңғы атаулы көмекті  алу кезінде өтініш иесі көптеген анықтамалар әкеліп өткізетін. Қазір бәрі жеңілдетілген.

-Тұрақты тіркеу болуы міндетті ме?

-Әрине, тіркеу қажет. Төлемақыны  алу үшін тұрақты не болмаса уақытша тіркеу болуы керек. Кейбір адамдар өз ауылында да тіркеуі болып, мұнда да тіркеліп көмекті алуға өтініш берген жағдайлар кездесетін. Енді бірыңғай базалық дерекқоры болғандықтан бұл мәселе шешімін  табады деп ойлаймын.

— Бұрындары көмекті алу кезінде отбасындағы туыстардың ортақ табысы есепке алынды. Бұл мәселе  қалай шешіліп отыр?

—  Иә, дұрыс айтасыз. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілгенге дейін  көмек әр отбасының табыс көзі 14849 теңге болатын кедейлік шегінен аспауы тиіс болатын. Ол кезде бұл мөлшер 29 мың 698 теңгенің 50 пайыздық мөлшерімен есептелінген еді. Ортақ табыс көзі мен кедейлік шегінің айырмашылығы бойынша есеп жүргізілді. Яғни, отбасындағы барлық мүшелердің кірістері алынды. Тек тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыспен қамту шараларынан келген табыстан басқасы түгелдей есепке алынатын. Қала бойынша 2019 жылдың ақпан айына дейін 1424 отбасы, яғни, 6146 адам атаулы әлеуметтік көмекті алды.

Ал енді жаңа форматтағы атаулы көмек кезінде отбасындағы  жұмыс жасайтын адамдардың табыстары есепке алынады.  Мәселен, біріншіден, кедейлік  шегі 50 пайыздан 70  пайызға  өсіп отыр, яғни, 14849  мың  теңгеден -20789 мың  теңгеге  дейін артты.

 Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған адамның әр баласына 20789 мың  теңге тағайындалады.

Үшіншіден, отбасының  жиынтық  табысын санағанда, көпбалалы отбасының мемлекеттік  жәрдемі; 4 бала және одан да көп балалы аналарға берілетін жәрдем, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне, мүгедек  баланың  жәрдемақысы; орта және жоғары оқу орындарының студенттерінің  шәкіртақысы есептелмейді.

Анықтама: Отбасында 4 бала және анасы, табыс көзі жоқ, тек ғана мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 10 мың 504 теңге (01.01.2018 жылға  дейін тағайындалған) барлығы- 63 740 мың   теңге отбасына  беріледі.

Жаңа өзгеріспен есептелгенде: атаулы әлеуметтік  көмек 4 балаға-83156 мың  теңге (20789 мың  теңгеден әр балаға), отбасының  табысы  болмағандықтан, анасы бала күтімімен отырғандықтан 20789 мың теңге тағайындалады.

Қорытындысында, Атаулы әлеуметтік  көмек    103945   теңге, ал отбасының табысы мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақы  мен  қосқанда 114 449   теңгені  құрайды.

-Көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын арттыру мақсатында қандай көмектер жасаалады?

-Жоғарыда атап өткендей, атаулы әлеуметтік  көмекті тағайындау  барысында сұралатын  құжаттар  тізімі  қысқартылды. Алайда, ақпараттық жүйеде тіркелмеген құжаттарды  жұмыспен  қамту орталықтары мен ауылдық округ әкімдігінің  сұрау  мүмкіндігі  бар.

 Сонымен  қатар, 1  шілдеден бастап  мүмкіндігі  шектеулі  бала қарап отырған және бала жастан 1 топ мүгедегі 18 жастан асқан адамдарға 30  пайыз жәрдемақысы көтеріледі( 31,1 мың теңгеден 41,6 мың   теңгеге  дейін).

Көпбалалы аналарды  кәсіпкерлік  негіздеріне  тарту  жұмыстары жүргізіліп  отыр.

Көпбалалы отбасына – 200 АЕК мөлшерімен есептегенде  505 мың теңге  жаңа бизнес-идеялар үшін  қайтарымсыз мемлекеттік гранттар  беріледі.

Бүгінгі күнге 52 өтініш  бергендердің  12-сі  көпбалалы отбасы  мүшелері.

Шағын несие  беру  шеңберінде 521  үміткердің 15-і  көпбалалы  отбасы  мен  мүмкіндігі шектеулі  азаматтар бар. Бүгінгі күнге 1 көпбалалы ан -5,0 млн.теңге несие алды.

30-дан астам көпбалалы аналар мен  мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған аналардың қатарынан, қайта даярлау  курстарында оқып,еңбек  нарығында сұранысқа  ие мамандықтарда, мәселен ,визажист, аспаз, шаштараз, тігінші, кондитер     мамандықтарында оқыды.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарына жіберілген  30  адамның 7-еуі көпбалалы отбасының  мүшелері. Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері жер мен көлік салығын  және де нотариалды, заңдық кеңес  мекемелеріне, тіркеуі бойынша жеке бас куәлігін алу кезінде  мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.

5 және одан көп бала туған  аналар 53 жаста зейнеткерлікке шығуға құқылы. Атаулы әлеуметтік көмек алатын, көп балалы және аз қамтылған отбасыларының  оқушылары  мектепте ыстық тамақпен қамтылады.  Жалпы  әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметттің көптеген түрлері қолға алынған. Талдықорғандық көпбалалы  аналар қоғамдық көлікті 1-сәуірден бастап  тегін жүретін болды.

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы жөнінде сұрақтар туындаса, онда жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының call-орталық «111» нөміріне тегін қоңырау шалуыңызға болады.

.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK