Қойдың құйрығы керек болып базарда ет сататын құдашама бардым. Әдеттегідей қал- жағдай сұрасып болғаннан кейін
— Қойдың құйрығы керек еді – деп бұйымтайымды айттым.
— Майра құйрығыңды көрсетші — деп ет сатып тұрған бір келіншекке айқайлады.
— Майраның құйрығы жарамайды.
— Неге жарамайды, оның құйрығы жақсы, өзің көрсеңші – деп құдашам мені сүйрелегендей Майраға қарай алып жүрді.
— Маған Майраның емес қойдың құйрығы керек еді – дегенімде ал қарқылдап күлсін. Майраның құйрығы шынындада жақсы екен. Сатып алдым.

Авторы: Жұмахмет Жайлаубаев

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK