Нұр Отан партиясы Талдықорған қалалық филиалында
дереккөз

Талдықорған   қалалық мәслихаттың  «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының филиалдың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесімен бірлескен отырысы өтті. Онда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы, «Смарт Талдықорған» жобасының іске асыру туралы қалалық ақпараттық талдау орталығының директоры Д.Жайдарының, «Мектеп асханалары» партиялық жобасы аясындағы қалалық білім бөлімі басшысы Ж.Жолдыхановтың, қаланың санитарлық абаттандыру жұмыстары туралы тұрғын-үй коммуналды шаруашылық бөлімі басшысы Н.Қыстаубаевтың, қоғамдық көліктердің қызметі және жол  туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы М. Қалиевтің есебі тыңдалды. Сондай-ақ,«7-20-25», «Нұрлы жер»  мемлекетттік бағдарламаларының іске асырылуы турасында баяндалды.

 Ақпараттық-талдау орталығының директоры Д. Жайдарының есебінде  атқарылған жұмыстар жан-жақты айтылды.  Қазіргі уақытта қаланың 25 орта мектебі «Kundelik» бірыңғай  электронды білім беру жүйесіне қосылды. Интернет және компьютерлік техникамен толықтай жабдықталған. Ағымдағы жылы қағазсыз іс жүргізуге көшу шаралары жоспарлануда.

Сондай-ақ, 64 мектепке дейінгі және 5 мектептен тыс мекемелері ұлттық білім беру деректер қорына қосылған. Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. №2 қалалық емхана «Жетісу» медициналық ақпараттық жүйесіне, Талдықорған қалалық көпсалалы аурухана, қалалық емхана, 2 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік -акушерлік пункт, 1 медициналық пункт мекемелері «Даму Мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған. 2019 жылы қағазсыз іс-жүргізуге көшірілуде, бүгінде 121 құжаттың 117-і электронды форматқа ауыстырылған.

Қаладағы жедел жәрдем орталықтары «Көмек» медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда, барлық көліктерде GPS орнатылған. Талдықорған қаласы әкімдігі Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып,«Smart Taldyqorgan» ақпараттық жүйесінің аясында «Денсаулық сақтау» сервисін жүзеге асырды. Мәселен, «Дәрігерді үйге шақырту», «Өз емханаңды іздеу», «Дәрігердің қабылдауына жазылу» тағы басқалары. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы пилоттық режимде цифрлық технологиялар негізінде коммуналдық деректерді есепке алудың бірыңғай базасы жасалуда. Жобаға Талдықорған қаласының «Көктем» шағын ауданы таңдалған. 9 көпқабатты үйде жалпы өлшеу құралдары орнатылды.Коммуналдық қызметтерді «Е-Шаңырақ» бірыңғай ақпараттық-интелектуалды жүйесіне интеграциялау бойынша жұмыстары аяқталды.Үстіміздегі жылы 6 шағын ауданы енгізілмек.

Сонымен қатар, арнайы 2 контейнеры бар, әрқайсысының сыйымдылығы 5 тонна болатын 3 экологиялық жерасты контейнерлық алаңдар қондырылды. Талдықорғанда орнатылған 15340 көше жарықтандыру бағандарында шам орнатылды, 10264 дана(66%) диодтық шам, ал 5076 дана жай шамдар орнатылды.  2016 жылы Талдықорғанда қашықтықтан сыртқы жарықтандыруды басқару автоматтандырылған жүйесі қолданысқа берілді. 2018 жылы қала бойынша 6061 дана QR код тақтайшалары орнатылған. 2019 жылы 2900 дана тақтайшаларды орнату жоспарлануда. Қауіпсіз қала бойынша да сыртқы бейнебақылау қойылған. Фото және бейнені қабылдайтын 871 камера орнатылды. Осы бағытты дамыту бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр.«Қазақтелеком» АҚ «Бұлтты бейнебақылау» қызметі  35 үйде орнатылған.

Көлік саласында 2013 жылдан бастап InfoBus жүйесі енгізілген. GPS навигациясы 28 маршрутта орнатылған. 184 автобустың орнын анықтау, жүру бағытын онлайн режимінде бақылауға болады.

2019 жылы жол картасы аясында муниципалды парк құру жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Диспетчерлік басқару мен жол ақысын төлеудің автоматты жүйесі» қарастырылуда.Мемлекеттік қызметті қамтамасыз ету саласында да   40-тан астам қалалық және жеке қызметтерді қосуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізілді.

 Ал қаладағы қоғамдық көліктермен тасымалдау қызметінің сапасын жақсарту мақсатында, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі, қалалық ішкі істер басқарма мамандары мен диспетчерлік қызметкерлердің бірлесуімен тасымалдаушы кәсіпорын жұмыстарына рейдтік тексеру жұмыстары күнделікті жүргізіледі.   І тоқсан бойынша жүргізілген тексеріс қорытындысымен 23 хаттама, 3 акт толтырылған. Сол сияқты қала бойынша қоғамдық көліктерімен жұмыс кестесінің сақталуын бақылау GPS мониторинг жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Маршрут бойынша жолға шығатын барлық қоғамдық көліктерінің жұмыс кестесі мен қозғалысы диспетчерлік қызметкерлерімен тұрақты қадағаланып отырады. Жолаушылар үшін қолайлы тасымал қызметін көрсету жұмыстары тұрақты түрде қадағаланып отырады. Мәселен, тұрғындардың сұранысымен Өтенай ауылының Шайқорған көшесі, Жастар-1 , Жастар-2 тұрғын ауданы мен қала орталығына дейін қатынайтын жаңа № 27 маршрут қозғалысы 2018 жылдың 10 желтоқсан айынан эксперименттік режимде іске қосылды. Маршрут бойынша 6 автобус жүр.

Қала әкімдігі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап көп балалы аналарды қоғамдық көлікте тегін тасымалдау шешімін қабылдады. Қазіргі уақытта көп балалы аналарға тегін жол жүру билеттерін тарату жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнде қала бойынша жолаушылар тасымалдайтын муниципалды паркты ашу мәселесі жоспарланған. Қазіргі уақытта заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі өңделуде. Муниципалды парктің ашылуымен қатар»СарыАркаАвтоПром» зауытынан  шығарылған «Анкай» маркалы 35 дана жаңа автобус түрлерін сатып алу көзделген. Автобус құралдарына электронды билеттік жүйесін орнату мәселесі де қолға алынатын болады.

Депутаттар мен арнайы комиссиясы мүшелері қатысқан жиында  мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға  тиісті мекеме басшыларының есебі тыңдалып, тиісті ұсыныс-ескертпелер берілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK