Талдықорған қаласы әкімінің өкімімен қалалық құрылыс бөліміне Ержан Тұрыспаев басшы боп тағайындалды. Жаңа бөлім басшысын активке қала әкімі Дастан Шалтабаев таныстырды.

«Құрылыс бөлімі алында үлкен шаруалар бар. Ретке келтірілетін жұмыстар да шаш етектен. Салада тәжірибеңіз бар. Бар біліктілігіңізді салып, қызмет етеді деген сенімдемін. Еңбегіңізге табыс тілеймін!» деді қала әкімі.

Ержан Жетігенұлы Тұрыспаев 1989 жылы туған, білімі жоғары. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған. Жалпы жұмыс өтілі 7 жыл. Еңбек жолын 2011 жылы «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту» орталығынан бастаған. 2012-2013 жылдары Мұсабек ауылдық округі әкімі аппартының жетекші маманы, 2013-2016 жылдары Алматы облыстық құрылыс басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. 2016-2019 жылдары Іле аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2019 жылдың ақпан айынан бері Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK