Білім беру саласында мемлекеттік тіл басты назарда болуы керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер әлеуметтік желісінде жазды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

«Балаларға білім беру үрдісінде басты назарды мемлекеттік тілге, қазақ тіліне беру керек. Орыс тілін де оқыту керек, себеп түсінікті. Ағылшын тілін де оқыту қажет, екі тілмен қатар емес, кейінірек меңгеруге болады. Осылайша, үш тілді, болашаққа ашық көзбен қарайтын ұрпақты тәрбиелейміз» – деген Президент парақшасында.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK