Жетісудың жеті үздік әні

566

  

   Талдықорған қаласында «Жетісудың жеті үздік әні» атты ән жинағының арнайы таныстырылымы өтті. Топтамаға танымал сазгерлердің «Үшқоңыр», «Алатау», «Жер сұлуы – Жетісу», «Жетісудың қыздар-ай», «Жетісу мен Көкшедей», «Сайран өлкем Жетісу» сынды әйгілі әндері енгізілген.

    Мұндағы мақсат –  осы бір үздік әндер жинағын  Жетісу жеріне арнайы атбасын бұрған меймандарға сыйлау арқылы  өңірдің мәдениеті мен өнерін паш ету. Қазақта жеті саны  өте киелі саналады. Сондықтан ежелден ақындар мен батырлар мекені аталатын қасиетті өлкеден тек жеті ән таңдап алуымыздың себебі де осында.  ­­Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған мұндай игі бастама бұдан былайда өз жалғасын табатын болады» — деді  Алматы облысының өңірлік коммуникциялар қызметі басшысының орынбасары  Рүстем Қанапиянов.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK