Кристофер Керр бастаған мамандар өліп бара жатқан науқастарды бақылап, адамдар өлімге дейін көп ұзамай біртүрлі көріністерді көре бастайтынын анықтаған.

«Олардың бәрінің түстері ұқсас әрі жарқын. Бақыланғандардың 72 пайызы қайтыс болған туысқандарымен және достарымен байланысып, жылы қатынаста сөйлесе бастады. Науқастардың 59 пайызы шабадандарын жинап немесе билетт сатып алып жатты. Нақты айтқана соңғы сапарға аттануға дайындалды. Кейбіреулер сол кездің  өзінде пойызбен немесе ұшақта кетіп бара жатқанын айтқан.

Пациенттердің 29 пайызы марқұм туыстарымен, достарымен тірі адамдар секілді сөйлесті. 28 пайызы түсінде өмірінің әртүрлі естеліктерін — жағымды әсер қалдырған оқиғаларды көрді. Ал, балалар көбіне бұрын өліп қалған жануарларымен сөйлесті. Марқұм болған ересек адамдармен де сөйлесті, бірақ олардың кім екенін тани алмады» дейді мамандар.

Ғалымдардың пікірі бойынша, адамдар мұндай түстерді өлімге дейін 10-11 апта бұрын көре бастаған. Ал үш апта бұрын түс көру жиілей түседі. Керр және оның командасы бұл құбылысты түсіндіре алмайды. Мүмкін, адам өлімі жақындаған сайын мидағы кейбір өзгерістер осындай түс көруге себеп болады. Бір нәрсе анық, ондай түстер адамдарды тыныштандырып, өлімнен қорықпауына көмектеседі, дейді ғалымдар.

Материал Stan.kz сайтынан алынды

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK