Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі

577
Дереккөз

Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» атты облыстық семинар-кеңес өтті.

Дереккөз

Аталмыш шараға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, төтенше жағдайлар департаменті, «Қазпошта» АҚ, денсаулық сақтау басқармасы мен балабақша, әскери бөлімдердің қызметкерлері  қатысты. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкерлері, филология ғылымдарының докторлары Орынай Жұбаева мен Қарлығаш Айдарбек, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Зинагүл Қожакеева латын әліпбиіне көшудің тиімділігі жөнінде терең мағлұмат берді. Баяндамашылар «Ұлттық терминжасам ұстанымдары: өткені мен бүгіні», «Терминдерді латын әліпбиі негізінде таңбалау мәселелері», «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты өткізіліп жатқан іс-шаралар» жөнінде атап өтті. О.Жұбаева «Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» – дей  келіп, ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту қажеттігін баса айтқан еді. Ал «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің  табысты болуының кепілі дегеніміз – осы» — деп тұжырымдады. Яғни, Тұңғыш Президентіміз Қазақстанның келешектегі дамуын сөз еткенде, өткен тарихын да әрдайым есте ұстап, тарихтан тағылым алу керектігін ескертеді. Осыған байланысты «тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани код»  ретінде XX  ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектерін, тілтанымдық мұрасын әрдайым назарда ұстауымыз қажет»-деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK