Фискальды мобильді қосымшасын пайдалану туралы ескерту

152
Дереккөз

Алматы облысы Кеген ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды! ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Кодекстің 19 бабы 2 тарауы 4 тармақшасына сәйкес Салық органы өз құзіреті шегінде туындаған салық міндеттемелерін орындау және тоқтату бойынша түсініктеме береді.

ҚР Салық кодексінің 166 бабы 2 тарауындағы өзгерістер және қосымшаларға сәйкес арнаулы салық режимімен жүзеге асыратын кіші бизнес субъектісі стационарға сәйкес келмейтін сауда объектісі сауда базары аймағында жұмыс жасаушы кәсіпкер 2019 жылдың 1 қаңтарынан сауда-саттық жасаумен айналысқан кәсіпкер өзінің ақша айналымында бақылау касса- аппаратын зерделі деректерді беру арқылы жүзеге асыру қажет.

Сондықтан, кәсіпкерлік қызметіңізді бақылау касса аппаратын ауыстыру арқылы модернизациялау жолымен жүзеге асыру қажет.

Салық Кодексінің 167 бабы 2 тармағына сәйкес ұсынылған қызметіңізді ақша айналымы деректерін Салық органына зерделі деректермен жеткізу қажет.

Жоғарыдағы көрсетілген өзгеріс Бақылау кассалық аппаратын пайдалануын жүзеге асырып отырған салық төлеушіге қажет.

Салық Кодексінің 36 бабына сәйкес салық міндеттіліктерін іске асыру мақсатында өздігімен іске асыру қажет.

Жоғарыдағы жағдайларды айта келе 2019 жылдың 01.01.бастап Сізге Заңдылықтарға сүйене отырып,техникалық құрылғыларды талапқа сай сәйкестендіру қажет екенін ескерте отырып, көрсетілген мерзімге дейін сәйестендірілмеген жағдайда жауапкершілік шарасы қолданылады.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда 2-25-11 телефонына хабарласаңыз. Ақпаратты www.oofd.kz анықтамасынан алсаңыз болады.

Бөлім басшысы Қ. Ускеленов

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK