Өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу тәртібі

234
Дереккөз

Түсім Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаны қамтиды.

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызу мен аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған шығыстарды жүргізу жөніндегі операцияларды есептеу үшiн қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке сәйкестендіру коды көрсетiледi.

Мемлекеттік мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ларына есептелуі тиіс. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеге түскен қолма-қол ақшаны тиісті шотқа уақтылы және толық тапсыруды қамтамасыз етеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операциялар Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түскен қаражатты пайдалану үшін жыл сайын, қаржы жылының 20 қаңтарына дейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарын осы Ережеге 126-қосымшаға сәйкес жасайды.

Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдың округі әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарын тиісті аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі оны қаржы жылының 1 ақпанына дейін жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін бекітеді.

Бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.

Бекітілген аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспары аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынылмайды.

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарында көзделген сомалардан тыс қаржы жылы ішінде түскен кірістер аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары жергілікті қоғамдастықтың жиналысында нақтыланған және келісілген жағдайда ағымдағы қаржы жылы жұмсалуы мүмкін.

Төлемдер Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін ақша есебінен төлемге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.

Есепті қаржы жылының аяғында пайдаланылмаған жергілікті өзін-өзі басқарудың шотында қалған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаражат қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспары жергілікті қоғамдастықтық жиналысында нақтылануы және келісілуі арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK