Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

418

Алматы облысындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін азайту  мақсатында қандай жұмыстар жасалып жатқандығы турасында  өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз мәслихатында кеңінен сөз болды.

-2019 жылдың қаңтарынан бастап  АҚШ елшілігінің  қаржылық қолдауымен « Жәбір көрсетуші ерлерге  арналған психологиялық көмек көрсету орталығы» атты әлеуметтік жоба қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты- отбасындағы әйел мен балаға  зорлық-зомбылық көрсетуші ер азаматтармен  жұмыс істеудің инновациялық әдістерін енгізе отырып, қатыгездіктің  алдын алу болып  табылады.  Шілде айында Талдықорған қаласынан оңалту орталығы ашылады. Әр ауданда бір-бір ииспекторлар болса деген ниетте жұмыс жасап жатырмыз. Негізінен ер  адамдарға психологиялық көмек беріліп, семинар-тренинг ұйымдастырылады. Облыстағы   ішкі істер органдары, сот, прокуратура,  ішкі саясат басқармасы және де басқалары аталмыш жобаға қолдау білдіріп отыр. Сондықтан  бірлескен жұмыс қолға алынды. Зорлық-зомбылықтан жапа шеккен жәбірленушілерден гөрі, агрессорлармен жұмысты күшейту қажет,-дейді «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ  президенті Жанар Нұрмұханова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы  профилактиканың түпкі мақсаты — отбасын араздастыру, жанжалдастыру емес, керісінше шаңырақта орын алған құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу.
Түрлі қылмыстардың алдын алу және жолын кесу үшін ең алдымен оның шығуының себептерін анықтау қажет. Әйелдерге қарсы жасалған  қылмыстардың  ішінде  отбасындағы жанжал, тұрмыс келеңсіздігі, ер азаматтардың ішімдікке әуестігі, бір-бірін жеккөрушілік, зәбір көрушіні  кемсіту, күш және қоқан-лоқы көрсету, әйел азаматшалардың ер адам алдында дәрменсіздігі, күн көріс қиындығы тәрізді себептер толып жатыр. Жапа шегушінің арызбанбауынан зорлық көрсетуші адам жазадан  құтылып кетеді. Татуласып үйіне қайтқан соң келеңсіздік жағдай қайта қайталанады. Ұрып-соғу нәтижесінде өлімге әкелген жайттар да кездесетіндігін өмірде көріп жүрміз. Алматы облысы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы Алтынай Рахимбергенқызының айтуынша, жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылатынын әркімнің білуі маңызды. Күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан ұялып, ол жайтты жасырып қалады. Шағым түсіруге «күйеуім қысымды күшейтеді» деп қорқады.  Көп жайт отбасының айналасында қалып қояды. Әйелдер шағым түсірмесе, полиция ешқандай әрекет жасай алмайды.

Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы  қолға алған жоба аясында агрессоршылармен жұмыс жасауда психологтарға арналған оқыту моделін жасау, ерлерге арналған психологиялық көмек пен  оңалту орталығын ашу қарастырылып отыр. Алматы облысы бойынша ер азаматтар жұмыс жасайтын  еңбек ұжымдарында, мемлекеттік және құқық қорғау органдарында  түрлі тақырыптарда лекциялар оқылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты бейнероликтер көрсетіліп, дөңгелек үстелдер, пікір сайыстар өткізу қолға алынбақ.

                                                                                                       

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK