Талдықорған қаласы әкімдігі және Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы бірігіп, Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, арнайы флэшмоб өткізді. Айта кету керек, талдықорғандықтар бұл шараны республика бойынша алғаш болып ұйымдастырып отыр.

Колледж студенттері және «Талдықорған әуендері» қатысқан шарада 200-ге жуық жас қолшатырмен «Астанаға 20» деген жазу жазып, Арқаның төріне құттықтау хатын жолдады. «Біздің бұл қадамымыз жастарды отансүйгіштікке баулиды. Тағы да айтулы күнге орай облысымызда түрлі іс-шаралар өткізу жоспарымызда бар», — дейді ұйымдастырушылар. «Жастар» саябағына жиналған көпшілік шара соңында түрлі бағытта ән салып, би билеп,  мереке көркін қыздырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK