«Көктем аруы» анықталды

474
Дереккөз

Дана халқымыз қыз баланы ерекше бағалап, құрметтеген. Бала кезден үй шаруасына баулып, инабаттылық пен ізеттілікті бойына дарыта өсірген. Қазіргі таңда білімі мен өнері қатар ұштасқан аруларға арналған түрлі сайыстар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Көктем аруы» байқауы Кербұлақ ауданы Алтынемел орта мектебінде өтті.

Дереккөз

«Көктем аруы» атағына әр сыныптың арулары үміткер бола алды. Байқау «Таныстыру», «Өнерлі өрге жүзеді», «Әсем қыздар», «Шебер қолдар», «Ақ тілек» сынды кезеңдерден тұрды. Арулар әр сайысқа барынша дайындалып, өз мүмкіншіліктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар өнерлі әрі  шебер екендерін дәлелдей білді. Жүлделі 3-ші орынды Ақерке Тұрғанбай, 2-ші орынды Қарлығаш Сатылхан, 1-ші орынды Назерке Төлепберген иеленсе,  «Көктем аруы» Аружан Сүлейменова атанды.

Дереккөз

Айдана СМАҒҰЛ, Алтынемел орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK