Театр ұжымы кәсіби мерекелерін атап өтті

296
Фото авторы А.Нұршанов

Жыл сайын 27 наурызда барша сахнагерлер кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы орайда өңіріміздегі Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры да төл мейрамдарын ерекше сән-салтанатпен қарсы алды.

Фото авторы А.Нұршанов
Фото авторы А.Нұршанов
Фото авторы А.Нұршанов

Киелі өнер ордасының мақтанышына айналған аға буын өкілдері мен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жалынды жастар әдеттегідей ең алдымен қаланың көрікті орындарын аралап, көрермен қошеметіне бөленіп, қызыл кілемнен жүріп өтті. Ұжымның бір жылда қол жеткізген толағай табыстары  мен жағымды жаңалықтары,  жаңа қойылымдары аз болмады. Театрдың жаңа ғимаратында «Айман-Шолпан» комедиясы, «Орбұлақ» тарихи драмасы, «Құлқынның құлы» қойылымы  мен «Достар серті» мюзиклінің премьерасы өтті. Республикалық, халықаралық өнер додаларында топ жарып, абыройымызды асқақтатуда. Татарстан мемлекетінде өткен «БУА: Диалог кеңістігі» II халықаралық театр фестиваліне қатысып, «У.Шекспирдің «Ромео-Джульетта» трагедиясын мүлтіксіз орындағаны үшін» арнайы сыйлығына ие болып, олжалы оралған болатын. 44 жыл Жетісу жұртшылығын саф өнермен сусындатып жүрген театрда бүгінгі таңда  138 қызметкер бар.

Фото авторы А.Нұршанов

Салтанатты шараға келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев «Бұл тек театр әртістерінің ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Баршаңызды осынау айтулы күнмен  құттықтаймын! Ұлттық өнеріміздің қара шаңырағының репертуары жаңа қойылымдармен толықты. Сондай-ақ, театрдың жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы Орта Азия елдерінің VII халықаралық театр фестивалімен тұспа-тұс келгені баршаңызға мәлім. Әр екі жыл сайын сахна майталмандарының басын қосар  аталмыш фестивальдің біздің өңірімізде өткені жетістік. Жетісу – өнердің киелі бесігі. Бұл жерде қаншама дүлдүлдер мен бұлбұлдар дүниеге келді. Сондай тұлғалардың ізін жалғап жүрген сіздерге толайым табыс, шығармашылық шабыт тілеймін»-деді.

Фото авторы А.Нұршанов

Бұл күні театрсүйер қауымды жаңа қойылымдармен қуантып, мәдениеттің  қазанында қайнаған өнер иелерінің ерен еңбектері елеусіз қалмады. Облысымыздың қоғамдық, саяси және мәдени өміріне белсене араласып, жас  ұрпаққа  рухани азық болатын танымдық істері үшін бірқатар марапатқа ие болды.

Фото авторы А.Нұршанов
Фото авторы А.Нұршанов
Фото авторы А.Нұршанов

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы

 Абай Нұғманов

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты

Аман Қожабеков, Мұса Әжібеков, Дастан Пышанов

Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы

Роза Қапашева, Еркебұлан Айдымбаев

Алматы облысы әкімінің Алғыс хаты

Аманбек Ерденбеков,  Ақерке Мұстафаева

Алматы облыстық мәслихатының Алғыс хаты

Шағантай Әлсейітов, Нұргүл Кемербаева, Наталья Пасечная, Бақытжан Туғамбаева

«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының Алғыс хаты

 Ақмарал Тілеуова, Аслан Досбай

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Құрметті азаматы

Аян Қожбанова

Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы

Ерлік Қалибек

Талдықорған қаласының Құрметті азаматы

Ғалия Темербаева,  Сағындық Жұмаділ

«Үміт» номинациясы

 Рауан Жарболұлы

«Көрермен көзайымы» номинациясы

 Әсем Жетпісова

«Дарын» номинациясы

 Шалқар Мүкен

«Ең үздік сахнагер» номинациясы

 Жасұлан Заманбеков

«Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы

  Айдана Кенбаева

 «Ең үздік ер бейнесі» номинациясы

 Жанбол Файзиев

 «Жыл актері» номинациясы

 Еркебұлан Айдымбаев  

Фото авторы А.Нұршанов

Айдана Кенбаева, «Ең үздік әйел бейнесі» аталымының иегері: Мерекелік кешімізде бізді марапаттап жатқан басшылыққа рақмет айтамын.  Елбасының салиқалы саясаты мен облыс әкімі Амандық Баталовтың өнерге деген зор құрметінің арқасында қазір Талдықорғанның төрінен осындай зәулім ғимарат бой көтерді. Жаңа ғимаратқа көшкелі бері біздің ұжым 12 жас әртіспен толықты. Өзімнің театрға келгеніме 3 жылдан астам уақыт өтті. Сол уақыт аралығында көптеген рөлдерді сомдадым. Атап айтар болсам «Ілияс» қойылымында — Айтолқын, «Хақ жолында» — Жанарды, «Айман-Шолпан» комедиясында — Айманды, «Достар серті» мюзиклінде — Әсемді, «Құлқынның құлы» спектаклінде — Есепшіні ойнадым. Театр репертуары бірнеше жаңа қойылыммен толықты. Балаларға арналған «Көңілді Роджер» ертегісі көрермен көңілінен жол таба білді. «Болашақ – жастардың қолында» деп Тұңғыш Президентіміз жиі айтады. Ендеше Елбасы жариялаған «Жастар жылында»  театр жастары көрерменді жаңа қойылымдармен қуантамыз деп сенім білдіремін. Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлына ұжымның, жастардың атынан ерекше алғыс білдіреміз.

Фото авторы А.Нұршанов

Шалқар Мүкен, «Дарын» аталымының иегері: Әріптестерімді, көрермендерімізді халықаралық театр күнімен құттықтаймын. Биыл аталмыш салада  қызмет етіп жүргеніме үш жыл болды. Осы уақыт аралығында бірқатар рөлдерді сомдадым. Соның ішінде көпшіліктің көңілінен шыққан У.Шекспирдің «Ромео-Джульетта» трагедиясындағы Ромео болды. Осы рөлге мені лайық деп таныған, үлкен сенім артқан аға буынға алғысым шексіз. Мерекені жаңа театрда алғаш рет қарсы алудамыз. Біз бұл күнді асыға күттік. Өте қуаныштымыз. Үлкендер айтпақшы біздер расымен бақытты ұрпақпыз. Ғимаратымыздың сырты алыстан көз тартар  әдемі болса, ішіндегі өнерін де соған лайықты етіп ұстауға барынша тырысамыз. Аға-апайларымыз кезінде Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрын қандай  биік деңгейге көтерсе, сол биіктікті біздің төмен түсіруге еш қақымыз жоқ.  Кеудемізде жанымыз барда театр өнеріне өзіндік үлесімізді қосамыз деп сенемін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK