Бір ай бойы тойланатын әз наурыз мерекесі Талдықорған қаласындағы №15 орта мектепте әр сынып бойынша айрықша сән-салтанатпен аталып өтілуде. Ұлтымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын қайта жаңғыртып, өскелең ұрпаққа тағылымды тарихтан үлгі-өнеге сыйлайтын бұл мерекенің тәрбиелік мәні зор. Жасөспірімдерді ізгі имандылыққа, адал адамгершілкке баулиды, — дейді мектеп директоры Ләззат Кертаева.

Аталғалан білім ордасының 1 «б» сынып жетекшісі Бірлікті Шабденовтің ұйымдастыруымен қолға алынған мерекелік шараның ойдағыдай өтуіне әрбір ата-ана белсене ат салысып, жан-жақты қолдау көрсеткен. Жалпы, шараға қатысқан сыныптың ата-аналары мен балалары Абай,  Жамбыл,  Ілияс ауылы болып, 3 топқа бөлініп өз өнерлерін ортаға салды. Абай ауылының өнерпаздары Абайың әндерін шырқап, қара сөздерін жатқа айтудан театрландырған көрністер қойса, Жамбыл мен  Ілияс ауылының ата-аналарымен жасөспірімдері қос ақының жырларын оқып, сахналық бейнесін сомдады. Осы орайда қазақтың ұлттық киім үлгілері дәріптеліп, спорттық ойындардан әр түрлі сайыстар ұйымдастырылды.

Қызықты да тартымды өткен мұндай мерекелік бағдарлама оқушыларды жастайынан ұлтжандылыққа тәрбиелеп,  ұлтымыздың баға жетпес құндылықтарын аялай білуге үйретері сөзсіз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK