Ас – адамның арқауы. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылық қуатын күшейтуге пайдалы дейді мамандар.Талдықорғандағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында «Оқушылардың дұрыс тамақтануы – денсаулық кепілі» атты акция өтті.

 

 Мектеп директорлары мен тәрбиешілері және 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен өткен шарада оқушыларға дұрыс тамақтанудың ережелері, күн тәртібі, салауатты өмір салтын ұстанудың жолы жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, жасөспірімдерге тамақтану жолын, мәдениетін насихаттайтын бейнебаян көрсетіліп, жадынамалар үлестірілді. Сонымен бірге «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, сызбадан жарыс өтті. Тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, жақсы сурет салған оқушыларды «Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» басшысының мақтау қағазымен марапатталды.

Аталған білім ордасы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Динара Татенова:  «Мұндай шаралар оқушыларға дұрыс тамақтанумен қатар мәдениеттілікті, ізгілікті дәріптеп, жастайынан салауатты өмір салтын ұстана білуді үйретеді»  – деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK