Қазақстан Парламенті Астананың атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

«Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың — 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды», — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.

Бұған дейін Астана атауының референдумсыз өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді. Оның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.

«Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK