тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы орталық
дереккөз

Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің,  бақыттың мерекесі ретінде тойланған.  Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.  Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным  ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.  Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.

Айтар болсақ,  2018 жылы қаңтарда  «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға ретінде  құрылған болатын. 35 жатын орынға  арналған орталықта  әлеуметтік қызметтің барлық түрлері әлеуметтік – тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік – еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызметтер көрсетіледі.

Қазіргі күні орталықта 34 адам (оның ішінде 11әйел, 23 бала) бар. Мұндағы әйелдер қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жазылып, жұмысқа орналастырылды. Балалар мектептерге орналастырып, барлық оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

 «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-де   Наурыз мерекесі аталып өтті.  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері келіп, орталықтағы қызмет алушылар алдында нақышына келтіріп  ән айтып, би билеп, көңілдерін көтерді. Ұлтымыздың салт-дәстүріне сай  тұсаукесу рәсімі өткізілді. Орталықтың басшысы С.Қадыров  енді қадам басып, жүре бастаған бүлдіршіндердің тұсауын  кесті. Наурыз көже  пісіріліп, дастарқанға  ұлттық тағамдар қойылды. Мерекелік іс-шара  өз деңгейінде өтті.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK