Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу оталығы
Суретті түсірген Айдын Нұршанов

Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен  Наурыз мейрамы  ерекше сән-салтанатпен  тойлануда. Мерекеге орай оқу орындары мен мектептерде, балабақшада тәрбиелік мәнге ие шаралар ұйымдастырылды.

Наурыз мейрамына  орай Алматы облысы кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында  «Қош келдің, Наурыз» атты қайырымдылық  шарасы өтті.  Орталық директоры Ерлан Сансызбаевтың айтуынша,  қазіргі күні бұл жерде 25 тәрбиеленуші бар. Мейірім мен қамқорлыққа зәру  балаларға  ұжымдағы қырықтан астам мұғалім- қызметкерлер  сабақ беріп,  психологиялық көмек  пен тәрбие жұмыстары қолға алынған.

Балалар қонаққа келген Талдықорған агро-техникалық колледжінің өнерпаздарын қуана қарсы алды.  Мекеме басшысы Ерлан Қанатайұлы тәрбиеленушілерді мерекеге орай құттықтады.«Наурыз- көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің, мейірімділік пен бауырмалдықтың  мейрамы.Сонымен қатар халқымызда үлкенге-құрмет,  кішіге ізет көрсететін, жақсы  салт-дәстүріміз бар. Бүгін бізге   айтулы оқу орнының  студенттері  осы тамаша дәстүрімізді ұстанып келіпті. Үлкен алғысымызды айтамыз»,-деді.

Білімгерлер  әсем ән  мен мың бұралған  биді  көрермендерге тарту етті.  Мерекелік көңіл-күй сыйлаған оқу орны  өнерпаздары  шара соңында балаларға сыйлықтар таратты.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK