Ерен еңбек иесі!

396
Дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының  тұңғыш әрі қайталанбас ел басқарушысы болып қала бермек.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн»- деп ант ете отырып, сөзіне адал, ісіне аса жауапкершілікпен қараған болатын. Қазақстан мемлекетінің қазіргі күні  Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың  адал еңбегінің, сарқылмас күш-қайратының арқасы екені сөзсіз. Ал, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Үкімет мүшелерінің алдында Қазақстан халқына ант берді. Қазіргі мемлекет басшысы  өз сөзінде Елбасының Тәуелсіз  елімізді қалыптастыру мен өркендету жолындағы ерен еңбегіне ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды әрі жауапты қызметті Елбасының сарабдал саясатын жалғастыра отырып атқаратынын атап айтты. Шара барысында Тұңғыш Президентке  «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» айрықша белгісі табыс етілді. Мұның барлығы Елбасыға деген айрықша құрметтің, адал еңбегінің нәтижесі деп білемін !

Қуаныш ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,  Ескелді ауданының  жастар ресурстық орталығының маманы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK