Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің Көшбасшысы атанып келген Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін біз тарих бетіне алтын әріптермен жазуымыз керек. Себебі, ол ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақ елінің қалыптасуына зор үлесін қосты. Өзінің парасатты саясатының арқасында халықты үлкен дағдарыстардан аман-есен алып шығып, елдегі ішкі тұрақтылықты сақтай білді. Осы орайда еліміздің еңсесін көтеріп, Қазақстанды әлемге танытқан Н.Назарбаевқа ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Алғашында Президент өзінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтайтынын мәлімдегенде шыны керек, барлығымыз абдырап қалдық. Қанша айтқанымен де жүрегіміздің түкпірінде қимастық сезім бар. Алайда, Н.Назарбаев соңғы мәлімдемесінде сайлау өткенге дейін уақытша Президент қызметін Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсыруы әділ болды деп ойлаймын. Осыған дейін Сенат төрағасы болып келген Қ.Тоқаев бұл жауапкершілікті абыроймен атқаратынына сенімдіміз. Ел іргесі берік болсын!

Сәуле Құсмолданова,

«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі,

Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухананың директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK