Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев халыққа үндеу жасап, өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында  Елбасының, Үкімет мүшелерінің қатысуымен   Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына  адал қызмет етуге, мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіне жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант берді. Осынау тарихи оқиғаларға куә бола отырып, қандай өзгерістер болмасын еліміздің даму қарқыны үдейтініне сенемін. Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасының  стратегиялық бағытын жалғастыра отырып, Қазақстанды  дүние жүзіндегі бәсекеге қабылетті елдердің алдыңғы қатарына қосу үшін еңбектенетіні сөзсіз. Сондықтан мемлекетіміздің қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мықты денсаулық, ел болашағы үшін атқарылатын ауқымды әрі күрделі жұмыстарына табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Жанар Бейсенбаева,қала тұрғыны.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK